5 млрд теңге. Каспийдің суын тұщыту басталады
Ақтаудағы «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту» жобасын аяқтау үшін Үкімет резервінен 5,08 млрд теңге бөлінді.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Аталған жобаны толық іске асыру өңірде ауызсу өндіру көлемін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал бұған дейін кәсіпорын екі есе аз мөлшерде су тұщытты.
Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінде «Каспий» су тұщыту зауытындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ға аяқталған.