Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге трансферт тартылады
Үкімет алдағы 3 жылдың бюджетін мақұлдады. Келер жылы әлеуметтік салаға қаржының 41% бөлінеді. Бюджеттің шығыс көлемі - 24 трлн теңге болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Оның сөзінше, Ұлттық қордан республикалық бюджетке қосымша 3,6 трлн теңге көлемінде трансферт тартылады. Бұл қаржы әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Атап айтсақ ол автожолдарды, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталады.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі:
- Біз ендігі жылда 3,6 трлн теңге Ұлттық қордан аламыз деп отырмыз. Дегенмен де оған түсетін таза түсім осы 3,6 алғаннын өзінде де 2,3 трлн деп отырмыз. Одан кейінгі жылдарда 3 трлн, одан кейін 6 трлн. Яғни біз 2030 дейін осы Ұлттық қордың қаражатын 100 млрд АҚШ долларына жеткіземіз деп көздеп отырмыз. Биылдың өзінде ол 60 млрд АҚШ долларынан асады.