Мәулен Әшімбаев: Креативті индустрияның экономикалық әлеуеті зор
Мәулен Әшімбаев «Ел-ана» көрмесімен танысты. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен Хаб қызметі бұдан былай да өнер саласындағы таланттарды қолдамақ. Президент тапсырмасымен елімізде осы саланы дамыту бағытында ауқымды шаралар іске асырылып жатқанын айта кеткен жөн. Қазір креативті сектордың ел экономикасындағы үлесі 1 пайыздан аспайды. Бұл көрсеткішті жақсарту үшін алдағы уақытта аталған индустрияны дамыту жолында жан-жақты, әрі заңнамалық бағытта да бірлескен әрі жүйелі жұмыс қажет.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Қазіргі заман талабына қарай дамимыз десек, бізге өнерімізді де заманауи тілде сөйлетуіміз керек. Бұл бір жағынан экономикамызға мәдениет тарапынан қосылған үлес. Екіншіден, қазақтың заманауи өнерін өзге формада дамыту ұлттың бірегейлігімізді ары қарай қалыптастырады. Қазақ мәдениетінің бүкіл әлем мәдениетінен орын алуға өз үлесін қосады. Осы жолда жүрген жобалары бар компанияларға салық төмендетілген. Біз осы индустрияны қолдайтын үлкен заң жобасын жасап жатырмыз.