Хабар телеарнасы

ЕЭО елдерінің бірлескен кәсіпорындарына қолдау көрсетіледі

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бірлескен кәсіпорындарына қаржылай қолдау көрсетіледі. Сенат осындай құжатты бекітті. Оған сай Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения және Беларусьтің ортақ жобаларына жылына 2 млрд теңгеге жуық субсидия беріледі. Қаржы одақтың бюджетінен бөлінбек.

Депутаттардың сөзінше, химия, металлургия және машина жасау салалары басымдыққа ие болады. Аталған мүмкіндікті жұмыс істеп тұрған және жаңадан ашылатын кәсіпорындар да пайдалана алады.

Шәкәрім Бұқтұғұтов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:  
- Енді жобаларды қарастырамыз. Менің ойымша, Қазақстанда 150 жобалар бар. Солардың арасында 140 Ресей федерациясымен. 9 жобалар Белорусьпен. Менің ойымша, бүкіл экономикаларға Қазақстанға осы жобалар тек қана жаңа өнім әкеледі, жаңа технологиялар мен инвестиция әкеледі.