Елімізде азық-түлік бағасы арзандады
Сауда комитеті келтірген мәліметтерге сүйенсек: күріш, күнбағыс майы, сүзбе, бірінші сұрыпты ұн, тауық жұмыртқасы, макарон өнімдері, сәбіз, пияз және қырыққабат өнімдерінің бағасы төмендеген.
Бағаның төмендеуіне еліміздің оңтүстігінде жеміс-жидек пен көкөніс түрлерінің өнім бере бастағанымен байланыстыруға болады. Бірақ егістіктен алынған жаңа өнімнің бағасы қазір тұрақсыз және күн сайын өзгеріп отырады. Дегенмен әкімдіктердің ерте шығатын өнімге форвардтық келісімшарттарды уақтылы жасасуы баға ауытқуларын реттей алады.
Ал картоп бағасы керісінше 4,5% қымбаттаған. Бағаның өсуі Астана, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тіркеліп отыр.