Хабар телеарнасы

Саран қаласының экономикасы қарқынды дамып келеді

Қарағандыға қарасты Саран қаласының экономикасы әртараптандырудың арқасында қарқынды дамып келеді. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда атап өткен болатын.

Индустриялды шаһарда кейінгі жылдары автобустар мен арнайы техникалар және көлік дөңгелектерін шығаратын зауыттар ашылды. Жаңа кәсіпорындардың арқасында Саран моноқалалар санатынан шығарылып, дербес дамыған шаһарлар қатарына қосылды. Онда осы күнге дейін 3 мыңнан астам техника құрастырылған. Өндіріс ошақтары жергілікті халықты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын жанында арнайы оқу орталығы бар.

Нияз Тұрсынов, құрастыру цехының шебері:

- Әр осы жұмыс барысында арасында уақыт беріледі. Арнайы оқуға барып, арасында жұмыс істеп, оқып алдық. Бірінен соң бірі, «карьерная лестница» дейді ғой орысша айтқанда, солай жайлап көтеріліп келе жатырмыз. Өзімнің болашағымды осы зауыттан көріп тұрмын десем де болады.