Хабар телеарнасы

Фристайл-могулдан ӘЧ: Жұптық сында жүлде алды

Шымбұлақ шатқалында фристайлдың могул түрінен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі мәресіне жетті.

Жерлестеріміздің көрсеткіштері жаман емес. Қоржынымызға 1 алтын, 2 күміс жүлде түсті. Жарыстың алғашқы екі күнінде Анастасия Городконың шеберлігіне тәнті болдық. Ол жекелей сында жапон қызына жол беріп, екінші орыннан көрінсе, паралелльді могулда қарсыластарын қар қаптырып кетті.

Аралас жұптық сында Қазақстан құрамасы күміс медаль еншіледі. Денис Раструба мен Юлия Фиклистова жұбы тек АҚШ құрасын ғана алға жіберіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Денис мен Юлия бұған дейін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен жасөспірімдер олимпиадасында бірлесе сынға түскен болатын.

Енді Акробаттардың жолына үмітпей қараймыз. Дінмұхамед Райымқұл мен Ардана және Раяна Махановалар сондай-ақ Асан Асылхан мен Ұланбақыр Өмірзақовтар да аянып қалмайды деген үміттеміз.