Салық және бюджет кодекстері талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Мақсат тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазіргі экономикалық жағдай, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу тәсілдері төңірегінде баяндады. Мұнай-газ, тау-кен металлургия, құрылыс т.б маңызды салалардың өкілдері мен қаржыгерлер ой бөлісіп, салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады.
Елена Бахмутова, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің төрағасы:
-Салық бюджет реформасының мақсаты әділ салық салу, бюджет шығындарын өзгерту негізінде мемлекет қаржысын нығайту екенін түсініп отырмыз. Себебі ол ЖІӨ-нің, экономиканың орнықты өсуіне мүмкіндік береді. Ал елдің қаржы секторына келетін болсақ ол бизнес әрі жұмыс беруші ретінде әркезде ашық, жауапты жұмыс істеп келеді. Сондықтан қаржы қауымдастығы, оның нарықтағы қатысушыларымен, сарапшылармен ашық диалог үнемі болуы тиіс деп санаймыз.