Елбасы Дүниежүзілік сауда ұйымының өкілдерін қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ғимараттың жобасын мақұлдады. Жобаны ұсынған – Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығы мен «Nest Investments Holdings» компаниясы. Елбасы осы екі құрылымның өкілімен кездесіп, жемісті жоба Астананың ажарын айшықтай түсетініне сенім білдірді.
Астана іскерлік белсенділіктің халықаралық орталығына айналуы тиіс. Оған бас қаланың мүмкіндігі жетеді. Ол үшін елордаға ірі халықаралық корпорациялар мен қаржы институттарын тарту қажет. Бұл – осы мақсаттағы жүздесулердің бірі. Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі Рольф Драак және «Nest Investments Holdings» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге құр қол келмеді. Олар елордада Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратын салу жөнінде жоба ұсынды. Құрылыс нобайымен танысқан Нұрсұлтан Назарбаев оны құптап, аталған нысанның Астана ажарын айшықтай түсетініне сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Рад вас приветствовать. Мы с вами встречались в Брюсселе. Обсудили ваши предложения и договорились вновь встретиться. Учитывая большой опыт Ассоциации центров международной торговли в реализации подобных проектов, уверен, что наше сотрудничество будет плодотворным для обеих сторон. Мне хотелось бы, чтобы проект соответствовал настроению, духу нашей столицы и гармонично вписался в ее архитектуру. Для нас удовольствие сотрудничать с вами.
Бұл уағдаластық былтыр Брюссельде басталған болатын. Мемлекет басшысы Бельгияға ресми сапары барысында Рольф Драакпен де, Мехран Эфтехармен де жеке кездескен. Араға үш ай салып арнайы жобамен Астанаға келгеніне қарағанда еуропалық іскер топтардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары.
Рольф Драак, Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі:
- Біз Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығымен Қазақстан елшілігі арқылы осыдан екі жыл бұрын жұмыс істей бастадық. Сол жұмыстың нәтижесі ретінде бүгін Сіздің назарыңызға мына жобаны ұсынып отырмыз. Әсет Исекешев қала әкімі болған тұста құрылыс барысын талқылаған едік. Келіссөздер барысында қазақстандық тараптан үлкен қызығушылық пен қолдау таптық. Брюссельде нақты дизайнын жасаймыз деп келіскен едік. Сол уәдені орындап, 2 нақты жобаны ұсынып отырмыз.
Астана – батыс пен шығыс мәдениеттерінің тоғысқан жері. Нұрсұлтан Назарбаев елорданың сәулетін сөз етті, әр нысанның тарихына тоқталды. Бас шаһар бой түзген 20 жылда әлемнің ең үздік сәулетшілері қолтаңбаларын қалдырғанымен Астанадағы нысандардың негізгі авторы – Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мы единственное государство в мире, которое на стыке веков построило на чистом поле столицу. Фактически за 15 лет построили. Пригласил архитекторов 50 стран, победил Кисе Куракава. Многое изменилось. Мы начали строить, несколько зданий Норман Фостер построил. Здесь с этим зданием стоит концертный зал архитектора Николлетти из Италии. Театр оперы и балета - совместная работа архитекторов. Я в поезде смотрел на здания, хотел построить город Евразии. Когда мы выиграли право на проведение «ЭКСПО-2017», мы объявляли конкурс. Сфера «Нур Алем» диаметром 80 метров, является уникальным сооружением в мире. Я наблюдал за ее строительством, было сложно. Мы одобряем и начинаем работать.
Нысан толықтай шетел инвестициясы есебінен қаржыландырылады. Инвестор – «Nest Investments Holdings» компаниясы. Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратының биіктігі 150 метрге жуықтайды. Бұл кешен келешекте қала тұрғындары мен шетелдік туристердің сүйікті орнына айналады деген сенім бар. Ғимарат ЭКСПО қалашығының маңында бой көтермек. Компанияның корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар Астананың стратегиялық тұрғыдан маңызды орын екенін атап өтті.
Мехран Эфтехар, «Nest Investments Holdings» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөн. директоры:
- Біздің инвестициялық тобымызға қарасты ірі 18 Дүниежүзілік сауда орталығы бар. Мұндай нысандарды қалай салып, қалай басқаруды білеміз. «Бір белдеу, бір жол» ауқымды жобасына қатысу жөніндегі біздің стратегиялық бағытымызда Қазақстан, соның ішінде Астана маңызды орын алады.
Дүниежүзілік сауда орталықтарының ғимараты Нью-Йорк, Амстердам, Токио сынды әлемнің ірі қалаларында бар. Бірақ Астанада салынатын кешеннің жөні бөлек болмақ. Өйткені қала шетелдік инвесторларды сәулетімен ғана баурап отырған жоқ, олар Астананың әлеуетіне қызығады. Еуразияның кіндігінде орналасатын нысан келешекте инвестициялық орталыққа айналмақ.
Кеннэт Брюс Джеймс Андерсон, сәулетші-дизайнер:
- Біз Астанада салынып жатқан бірнеше нысанның құрылыс жұмыстарымен таныстық. Олардың әрқайсысы Астананы ажарландырып тұр. Шетелдік туристер үшін есте қалатын орындар деп санаймын. Дүниежүзілік сауда орталығы да сондай нысандардың қатарына қосылады деп ойлаймын.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда орталығының жаңа ғимаратының жобасын мақұлдады және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа оны іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыстарды бастауға тапсырма берді.
Авторы: Гүлжан Марқабаева