Елбасы қандай салаларға басымдық беру керек екенін айтты
Қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жеткілікті қаржы бөлінсе де, ол тиісінше ұқсатылмады. Халықтың табысы мен өмір сүру сапасы айтарлықтай артпады. Ал бұл екеуі – Президент үшін де, халық үшін де ең негізгі екі көрсеткіш. Қазақстанның тәуелсіз тарихындағы 10-ыншы Үкіметтің жұмысына Елбасы: «Халықпен дұрыс жұмыс істей алмады», – деген баға берді.
Әуелі экономика, сосын саясат. Қазақстан азаттық алғалы осы қағидадан айныған жоқ. Экономика төркінінде елдің табысы, елдің тұрмысы, күнкөрістің сапасы тұрғанын түсіну тым қиын емес. Бұл істе Үкімет – үйлестіруші тармақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Институт банкротства является достаточно распространённым явлением. Очистите мне все банки. Мы будем считать, что честно выполнило свой долг это правительство.
Осы кеңейтілген жиыннан соң бір ай өтпей-ақ тура 22 күн дегенде министрлер кабинеті жұмысын жедел доғарады деп ешкім ойлаған жоқ. Өткен Үкіметтің кем істерін Елбасының өзі түгендеп берді. Банк саласын сауықтыру, қашқан акционерлер, қайтарылмаған кредиттер жаңа Үкіметтің де бас ауруына айналатын түрі бар. Ауылшаруашылығы да экономиканың моторына айналып кете алмады. Бұрынғы министр, қазіргі жауапты хатшы Асылжан Мамытбеков айтқан 60 мың тонна ет экспортын әлі ұзақ күтуге тура келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Когда мы покупали этих племенных быков, создали фермы – сколько мы собирались экспортировать? 60 тысяч тонн. Сколько экспортировали? Асылжан, где сказанное тобой?
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы:
- Жоба іске асырылып жатыр. 2018 жылы 20 мың тонна, келесі жылы 30 мың тонна болайын деп тұр. 60 мыңға 2-3 жылда жетеміз.
«Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы». Бұл бағдарламалар халықты жұмыспен қамтып, әлеуметтік әлжуаз топтардың табысын көтеруге арналғанымен, нәтиже берген жоқ. Тіпті елде жұмыссыздар саны өскені байқалып отыр. Еуразиялық экономикалық комиссия 2017 жылы еңбек биржасына тіркелген қазақстандықтардың саны 37,7% көбейгенін айтқан.
Айман Жүсіпова, ӘЭСИ сарапшысы:
- Президент әлеуметтік бастама айтады, оны орындауға Үкіметке тапсырма береді. Бірақ жоспар жоқ, орындалу тетіктері соңына дейін анықталмаған. Сондықтан ол орындалмайды. Президенттің бес бастамасын алайық, «7-20-25» халық тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Алайда түсіндіру, ақпарат беру жеткіліксіз. Азаматтардың ақпараттануы – бағдарламаның орындалуының негізгі факторы.
Соңғы уақытта елде болып жатқан оқиғалар әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарау қажетін көрсетті. Сарапшылар: «Халықпен тығыз жұмыс істей алмады», – деп министрлер кабинетінің тағы бір осал тұсын атады. «Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер жұртшылықтың проблемаларына құлақ аспады», – деді Мемлекет басшысы да. Солай дей келе, Елбасы жаңадан жасақталатын Үкіметтің жұмыс бағдарын белгілеп те берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- На ближайшем съезде партии «Нұр Отан» я предложу ряд мер по усилению социальной поддержки и повышению качества жизни людей.
На эти цели будут выделены значительные средства из бюджета и Национального фонда.
Они будут направлены на решение следующих задач:
- усиление социальной поддержки малообеспеченных граждан;
- расширение возможностей для улучшения жилищных условий социально-уязвимых слоёв населения;
- серьезное изменение политики развития регионов.
На реализацию данных задач должна быть направлена работа Правительства и акимов всех уровней.
Средства, которые имеются у Правительства и на местах, тратятся не по назначению. За всем этим будет установлен контроль.
Қазақтан тәуелсіз ел болғалы оныншы Үкіметін таратты. Елбасы ескертті, қазынада қаржы бар, сол ақша мұқтажға емес, басқа мақсатқа жұмсалып жатыр. Келер Үкімет бар қаржыны қажетке жұмсай да, қадағалай да алатын қажырлы болар деген үміт бар.
Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Ғани Алшымбаев, Айдос Серікболұлы