Хабар телеарнасы

Қазақстан Молдованы 1:0 есебімен жеңді

Матч FIFA жолдастық кездесу өткізу кестесіне кірмейді. Сол себепті бұл ойынның нәтижесі рейтингке әсер етпейді. Бірінші кезеңде қос құрама көзге түсерлік ойынымен ерекшеленген жоқ. Ойынның 59-минутында шабуылшы Оралхан Өміртаев гол соқты. Кездесуде Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен басым түсті. Бұл ойын – футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі алдындағы ұлттық құраманың дайындығы. Футболшыларымыз I топта Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Сан-Мариномен сынға түседі. Қазақстан футболшылары іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында 21 наурызда Шотландия құрамасын қабылдайды. Одан кейін 24 наурызда Астанада Ресей құрамасымен шеберлік байқасады.

Нағи Бақытбеков, ҚФФ маркетинг және PR-қызметі департаментінің директоры:

- Біздің ұлттық құрамамыз оқу жаттығуларын аяқтап, Астана құрамасы қаласына елге оралады. Сондай-ақ бізді наурыз айында екі үлкен маңызды ойын күтіп түр. Ол 21-24 наурызда Астана қаласында өтетін Шотландия мен Ресейге қарсы екі Еуропа чемпионатының іріктеу ойыны. Сол кезде ең басты құрама үлкен ойын көрсетеді деген ойдамыз.