Халықаралық әйелдер күніне қызу дайындық жүруде
Нәзік жандыларға сыйлық таңдау қызу. Гүл сататын дүкендердің саудасы қызған. Бірқатар мекемеде құттықтаулар 7 наурыздан басталып кетті. Құшағы гүлге толған жандар бақытты. Елордада 8 наурызда қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін жүре алады.
Қала тұрғындары:
- Бүкіл аналарымызды, қыз балаларымызды, қарындастарымызды шын жүректен құттықтағым келеді. Армандары орындала берсін.
- «Әйелдер-ау әйелдер, әйелдер мәңгі жасасын» демекші, әйелдер келе жатқан мерекелеріңізбен! Әрқашан күлімдеп жүріңіздер!
- Әпкелерімізді, қарындастарымызды, шын жүректен құттықтаймын!
- Ер азаматтар тек 8 наурыз емес, жыл бойы, өмір бойы аналарымызды, әпкелерімізді, қарындастарымызды сыйлап өтейік.