Хабар телеарнасы

Үкімет мүшелері Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

Үкімет басшысының орынбасарымен бірге Денсаулық сақтау министрі, Білім және ғылым министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және құзырлы министрліктерге қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті мен орман және жануарлар әлемі комитетінің төрағалары облыс тұрғындарымен кездесіп, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Әр тұрғын өз мәселесі жөнінде Үкімет мүшелеріне тікелей сұрақ қойды. Облыс тұрғындары әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық түсініктеме алды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Халықтың, аналардың қойып отырған сұрақтары көбінесе әлеуметтік көмекке байланысты. Соны түсіндіріп айттық. Енді бұл көмек көпбалалалы аналардың отбасына қарап есептеледі. Сондықтан сұрақ қойғандардың қандай мәселелері бар, барлығын жазып алдық. Екі мәселені айтуға болады. Біріншісі жаңа өзгерістерге байланысты. Ең аз қамтылғандарға жәрдемақы шешіледі. Екіншісі үй мәселесі туралы. Ол бойынша жаңа өзгерістерді айттық.