Көпбалалы аналар құжат жинап, зыр жүгірмеуі үшін бірыңғай база дайындалып жатыр
«Ал атаулы әлеуметтік көмек шілдеден емес, 1 сәуірден бастап берілсін», – деді. Мамандар қазір «е-халық» бірыңғай базасын құруда. «Алайда көптеген ана жәрдемақыларымызды рәсімдей алмай жатырмыз», – деп арнамызға хабарласты.
Қазір көпбалалы аналарды Жұмыспен қамту орталығының мамандары қабылдауда.
Астанадағы Жұмыспен қамту орталығында ұзынсонар кезек. 1 сәуірге дейін құжат тапсырып тастауыңыз міндет емес. Сәуірдің соңына дейін барсаңыз да жәрдемақыны алып үлгересіз. Ал атаулы әлеуметтік көмек қалай төленеді?
Егер отбасының табысы әр отбасы мүшесіне шаққанда 20 789 теңгеден кем болса, мемлекет тарапынан осы атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бала-шағаңызға бұл сома толық беріледі, ал ата-анасына 20 789 теңгеге жетпей тұрған сомасы ғана төленеді. Келесі айдан бастап көпбалалы аналар құжат жинап, зыр жүгірмеуі үшін бірыңғай «е-халық» жүйесі іске қосылады. Дәл қазір ол әзірленіп жатыр. Сол үшін де қазір Жұмыспен қамту орталығында кезек көп.
Нұргүл Елтай, көпбалалы ана:
- Біз ары-бері жүре береміз ба сонда? Бала-шағаны тастап, осы ақшаға бола жүрміз. Көпбалалы аналардың барлығы осылай жүр. Халыққа бөлінеді дегеннен кейін келдік. «1 сәуірде болмаса, 10-ы күні келесіздер», – дейді. Біз сонда оған дейін күнде бала-шағаны тастап, келіп отыруымыз керек. Біліп отыруымыз керек.
Әлия Мағауиенова, қала тұрғыны:
- Мамандар түсіндірді. Бірақ жеткілікті емес. Мен түсінбедім. Менің санауым мен ол кісілердің санауы екі түрлі болып тұр. Маған «жеткілікті» деп айтады, мен санағанда жеткіліксіз.
Аналардың ашуланатынындайы бар. Сағаттап бір адамға кезекке тұрады. Түске дейін үлгерсе жақсы, үлгермесе мамандар түскі асқа кетеді. Сүт пісірім уақытта келсе бір жөн, жоқ дегенде бір сағаттан кейін оралады.
Аналарды ақпараттандыру үшін неліктен арнайы видеороликтерді Led-экранмен қосып қоймасқа? Аналарды жеке-жеке қабылдаған жақсы, алайда бәріне үлгермейді. Барлық келген кісіні топтастырып, бір Мәжіліс залына жинап алып, бәріне ортақ нақты тетіктерін түсіндіріп жіберуге не кедергі? Бұл ұсынысты аналардың өзі айтып отыр.
Ақыры Мемлекет басшысынан бастап аналардың қамын жасайық, ары-бері сандалтпайық деп жатырмыз. Іске келгенде сол баяғы жартас. Мұның бәрін неге айтып отырмыз? Өйткені осындай ұзынсонар кезек пен нақты түсіндіру жүйесі болмаған соң талай ана қолын бір сілтеп кетіп жатыр. Оған түсірілімге барған біз куәміз.
Сондықтан мамандарды айлық алып жүрген қызметкер ретінде ғана емес, шын жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Сонымен 1 сәуірден бастап көпбалалы аналар өздеріне тиесілі жәрдемақыларын алады. Ол үшін әрине, Жұмыспен қамту орталығына баласының куәлігін, өзінің жеке құжатын, жұмыс істесе, еңбек кітапшасын алып барады. Нақты қандай құжат керектігін мамандар айтады. Бір рет тіркеп алғаннан кейін келесі жолы бұл құжаттарды тасудың керегі жоқ. Жеке куәлігіңіз арқылы барлық мәліметті базадан қарайды.
Биыл елімізде 832 мыңнан астам отбасы осы атаулы әлеуметтік көмекті алатын болады. Бастысы 1 сәуірге дейін бармасаңыздар, «жәрдемақы ала алмай қаламыз» деп ойламаңыздар. Сәуір айында өзіңізге ыңғайлы уақытта барып тіркелсеңіз болды.