Валентина Матвиенко: Нұрсұлтан Назарбаев – дана саясаткер
Ресейдің федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті халықаралық аренада көптеген мәселені шешуге ықпал етті. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына бастамашы болды.
Валентина Матвиенко, РФ Федерация кеңесінің спикері:
- Егер Нұрсұлтан Назарбаев осындай шешім қабылдаса, демек, ең дұрыс шешім осы болғаны ғой. Әрине, Президент лауазымынан кеткені өкінішті. Өйткені ол – өте дана әрі көреген саясаткер. Ал Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты көп жылдан бері танимын. Қазір оған сайлауға дейін елді уақытша басқару міндеті тағайындалып отыр. Болашақта Қазақстан Президентін қазақ халқының өзі ұсынылған үміткерлер арасынан таңдайтын болады. Ал өтпелі кезеңде, яғни қазір Қазақстан сенімді адамның қолында деп айта аламын.