Сенат төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Валентина Матвиенкомен Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та кездесті.
Әңгіме барысында тараптар бірқатар маңызды мәселені талқылап, нәтижесінде Парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған практикалық іс-шаралар жоспарына және Қазақстан Сенатының Аппараты мен Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Аппараты арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Сонымен қатар кездесуде сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, туризм, цифрландыру және басқа да басым бағыттар бойынша Қазақстан мен Ресей Парламенттері депутаттарының алдағы өзара іс-қимылын одан әрі арттыруға арналған міндеттер белгіленді. Кездесуде мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызына да баса мән берілді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Ресей – Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық серіктесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – берік және мызғымас достықтың үлгісі. Ынтымақтастықтың барлық саласында өзара іс-қимылдың дәйекті және тиімді дамуы осындай қатынастың дәлелі екені сөзсіз. Бұл сапар да Парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары серпінін сақтауға өз септігін тигізеді деп сенеміз. Жалпы біздің негізгі міндетіміз – Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді іске асыруға ықпал ету.