Қарағандыда биыл жалпы құны 3 миллиард теңге тұратын 8 шағын саябақ салынады.
Бірқатары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындарың сұрауы бойынша салынып жатыр. Барлығы да жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Соның арқасында кеншілер қаласы жасыл желекке бөленіп, адамдар демалатын орын көбейеді. Саябақтардың кейбірінде тіпті арнайы жүгіру және велосипед жолдары болады. Тіпті кітапхана да салынған. Жазғытұрым оқырмандар таза ауада отырып кітап оқи алады.
Дидар Қабаев, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:
- Жаңа шағын саябақтардың жартысы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Олар негізінен тұрғын үйлер маңындағы бос жатқан жерлер. Ал енді төртеуі көлемі жағынан үлкен болады. Мұндай ауқымды демалыс орындары қаланың негізгі даңғылдарында салынады.