Хабар телеарнасы

Виталий Андриевский: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды дамыту жолында аянбай еңбек етті

Қазақстан Тұңғыш Президентінің өкілеттігін тоқтатуына байланысты молдовалық саясаткер Виталий Андриевский осындай пікір айтты. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген әрі дана саясатының арқасында Қазақстан халықаралық аренада жемісті жетістіктерге жетті.

Виталий Андриевский, саясаткер:

- Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды дамыту жолында аянбай еңбек етті. Экономика, әлеуметтік сала болсын алға сүйреді. Қазақстанның даму бағдарламалары ең қызықты әрі өршіл екенін көрсетті. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін әлемдік деңгейдегі мамандарды тартты. Ол Қазақстанды әлемге танытты. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев тарихта өшпес із қалдырған әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді.