Шетелдік сарапшылар: Нұрсұлтан Назарбаев халқының зор сеніміне ие
Жан-жақты халықаралық қауымдастық өкілдерінің де елдегі саясатта жүрген атқарушы биліктегі, заң шығарушы орган, қарапайым халықтың да пікірін білдік.
Индира Жылқайдарова, тілші:
- Қазақ елінің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына қатысты жаһандық сарапшылар түрлі пікірлер айтуда. Тікелей байланыста Парламент Мәжілісінің депутаты Өксікбаев Омархан Нұртайұлының пікірін сұрап білеміз.
Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біз – саяси тұрақтылыққа дағдыланған елміз. Әрине, осы ретте тұрақтылыққа үйренген елдің ертеңі, саяси өмірі қалай дамитыны секілді сұрақтар болады. Елбасы Қазақстанды кезінде бос дүкенімен, тоқтаған зауытымен қабылдап алып, осындай гүлденген дәуірге жеткізді. Сарыарқаның төрінде Астана құрды. Елге сіңген еңбегі зор.