АЭС салу бойынша шетелдік сарапшылар өз пікірін білдірді
Румыниялық Андрей Гойча жобаның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылатындығын тілге тиек етті. Мәселен, қазір тек еуропаның өзінде атом өнеркәсібі саласында 1 млн астам адам еңбек етеді. Оның жарты миллионы – жоғары білікті мамандар. Сонымен қатар АЭС салу энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Тұрақты энергия арқылы кәсіпкерлік пен экономика дамиды.
Андрей Гойча, Nucleareurope атом энергиясы саясаты жөніндегі директоры:
- Менің ойымша АЭС арқылы жоғары білікті мамандар ортасы қалыптасады. Мұнда мен тек ядролық инженерлер туралы ғана емес, сонымен қатар инженерлердің басқа түрлері, химиктер, физиктер туралы да айтып отырмын. Атом энергетикасы парниктік газдар көлемін азайту тұрғысынан да маңызды.