Астанада 500 литр наурыз көже таратылды
Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурыз көже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, жалпы қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі дәмнен жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен. Осы орайда, Елордамызда алғаш рет 500 литр көже дайындалып, тегін таратылды. Мұндай игі шараға кәсіподақтар федерациясы мұрындық болыпты. Бұл бастама Қазақстандық «Гиннес» рекордтар кітабына ресми тіркелмек.