Наурызды ескі Сауранда ерекше атап өтті
Кеншілер қаласындағы Ұлыстың ұлы күні бір кездері Қазақ хандығының ордасы болған қазіргі көне Сауран қаласында атап өтілді. «Мұндағы мақсат – тарих пен мәдениетті жастардың санасына сіңіру», – дейді ұйымдастырушылар.
«Х-ХV ғасырға тән Сауран қалашығының сақталуының сыры сол аймақтың сазында бентанит барында», – дейді ғалымдар. Биыл көпшілікке Наурыз мерекесін ұйымдастыруға ескі Саурандағы алғашқы мектептің іргетасын қалаған белгілі жазушы, қаламгер, ұлағатты ұстаз Ілияс Қожабаевтың әулеті мұрындық болыпты. Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жерге тағзым еткен өнегелі ұрпақ мерекеге тарихи реңк берді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері айшықталып, дастархан жайылып, концерт қойылды. Кентаулықтар: «Бұрын дәл осындай мереке болмаған», – деп ағынан жарылды.
Хайрулла Қожабаев, кәсіпкер:
- Біздің мақсатымыз – елді ынтымаққа, бірлікке шақыру. Халықтың бұл тұрып жатқан жері біздің ел үшін тарихи маңызы бар, өте қасиетті мекен болғандықтан, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ өздерінің тарихын білсін дедік.