Тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оған сәйкес арнайы топ ұшу немесе оған дайындалу қағидаларының сақталғандығын анықтаумен айналысады. Ал бүкіл тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы болса марқұмдардың отбасына моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша барлық шараларды қолға алатындықтарын жеткізді.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:
- Болашақта осындай оқиғаларға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Қаза тапқан әскери қызметшілер өзінің әскери борышын адал орындады. Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде митингілер өткізіліп, жеке құрам қаза тапқан жауынгер жолдастарын бір минут үнсіздікпен еске алды.