Қызылордалық тұрғын көпқабатты үйдің ауласын баққа айналдырды
Қызылорда қаласының тұрғыны Марат Төлепбаев өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласын жасыл желекке айналдырды. Жеміс ағаштары мен гүлдердің түр-түрі жайқалып өсіп тұр. Шаған, павлония, катальпа секілді оннан астам ағаш түрін жерсіндірген.
Мәселен, павлония ағашының жапырағы бір метрге дейін үлкейеді. Биіктігі 20 метрден асады. «Ал «жералмұрт», - деп аталатын мына гүл қант диабеті мен қан қысымына шалдыққан жандар үшін пайдалы»,- дейді бағбан.