Хабар телеарнасы

Digital Kazakhstan: Алматыда педагогтердің тамыз саммиті өтті

«Digital Kazakhstan: Жаңа замандағы білім беру». Алматылық ұстаздар осы тақырыпта өткен тамыз саммитінде бас қосты. Жиында цифрлық трендтерді басқару, сандық сауаттылық, жасанды интеллект пен  цифрлық мұғалімге қатысты пікір алмасты. Жалпы Алматыда орта білім беретін мектептерде 25 мыңға жуық педагог дәріс береді.

Білім саласын цифрлық технологиясыз елестету мүмкін емес. Жаңа трендтер мұғалімнің еңбегін жеңілдете түсті. Мәселен, қазір бұрынғыдай сағаттап дәптер тексеріп отырудың қажеті жоқ. Оны бірнеше секунд ішінде жасанды интеллект атқарып береді.

Айгүл Қасымбек, Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Қазір білім саласын цифрлық жүйесіз елестете алмаймыз. Мәселен, жасанды интеллект дәптерді тексеріп, бақылау жұмыстарының қатесін анықтап, бағасын қойып береді. Ал оқытушы өз уақытын білімін жетілдіруге жұмсай алады.  Жасанды интеллектінің мүмкіндігі ұшан-теңіз.

«Цифрлық мұғалім жобасын жүзеге асыруға алматылық ұстаздар дайынбыз. Бұл әсіресе баланың қосымша білім алуына, үлгерімін жақсартуға  көмектеседі», -дейді.

Айгүл Ишанғалиева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

- Жоба жұмысын жасайды. Соның негізінде бала ауызекі тілін жаттықтырады. Сонымен қатар ол мұғалімнің ғана сөйлегенін естіп қана қоймайды. Ол нағыз носитель языка дейміз ғой, соны тыңдап отырады.

Алматыда  TopIQ.kz платформасы арқылы «Жеңіл портфель» жобасын сәтті енгізілді. Цифрлық оқулықтар келгелі мектеп сөмкесі де жеңілдей түсті. Алдағы жоспар тіптен ауқымды. 

Дәурен Сағынғалиев, жаңа технологиялар ғылыми әдістемелік орталығының директоры:

- Сингапурдан келген әріптестеріміздің де ой-пікірімен бөлісіп жатырмыз. Жақында ғана Сауд Арабиясымен де осы жасанды интеллект платформасын енгізу бойынша келісімге келдік. Олар біздің Алматы қаласындағы 3 бірдей мектебімізге тегін өздерінің платформасын жасанды интеллект бойынша тәжірибе өткізетін болды.

Оған қоса қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен осы оқу жылы басталысымен, жасанды интеллект саласында веб-қосымша әзірлеушілерді даярлаудың 12 апталық арнайы бағдарламасы іске қосылады. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов