Біраз уақыт «Хабар» телеарнасында қызмет еткен белгілі комментатордың жарысына еліміздің әр өңірінен 25 команда келіпті.
Жеткіншектер жас ерекшеліктеріне қарай өзара мықтыны анықтап, 2016-2017 жылы туған балалар арасындағы финалдық ойында Алматы облысының «Тәшкенсаз» командасы мен Жамбыл облысынан келген «Молдасейіт» клубы кездесті. Тартысты ойында тәшкенсаздықтар жеңіске жетті. Үшінші орын алаң иелеріне бұйырса, 2014-2015 және 2018-2019 жылғы балалар арасында алматылық клубтар топ жарды.
Әлім Анапьянов, жарысты ұйымдастырушы:
- Бұл жарысты Диас Омаровтың көзі тірісінде ұйымдастырып бастадық. Танымал футболшы, даңқты спорт комментаторы 5 жыл бұрын өмірден озды. Турнирге барлық өңірден командалар қатысты. Біздің мақсатымыз – футболды насихаттап, футболға қызығатын балалардың қатарын көбейту.
Диас Омаров атындағы турнирді мамандар дәстүрге айналдырамыз деп отыр.