Талғат Мұсабаев: Тікұшақ апаты техника тарапынан болуы мүмкін емес
Ал ұзындығы 25 метрден асады. Көкте 13 мың тонна көтере алатын тікұшақтың жылдамдығы сағатына 250 шақырымды құрайды. Ішіне 32 адам сыйады. Сондай-ақ 4700 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Ал қозғалтқыш қуаты 1700 аттың күшіне тең. Әлемде кең таралған МИ-8 тікұшағы алғаш рет 60-шы жылдардың басында Ресейде құрастырылған. Тікұшақтың екі түрі бар. Біріншісі, жолаушы тасымалына арналған, екіншісі, әскери мақсатта пайдаланылады. Бұл – жан-жақты жетілдіріліп жасалған әуе көлігі. Ғарышкер Талғат Мұсабаев осындай пікірде. «Тікұшақ заманауи талаптарға сай құрастырылған. Сондықтан апат техника тарапынан болуы мүмкін емес», - деп есептейді Сенат депутаты.
Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ғарышкер:
- Бұл тікұшақ өте сенімді әуе көлігінің бірі. Мұндай тікұшақ Кеңес Одағы кезінде де болған. Ол қазіргі күні жан-жақты жетілдіріліп, заманға сай жасалған. Себебі бұл тікұшақ қатаң тексерістен өткен. Сондай-ақ көкке көтерілуге рұқсат етілген. Сондықтан апат кезінде техникалық ақау болды деп айта алмаймын. Негізгі себебі – ауа-райы. Мұндай метеожағдайда ұшу өте ауыр.