Өңірлерге қызыл судан қауіп жоқ
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Аймақтарда жағдай тұрақты. Дегенмен мамандар ахуалды нақты бағалау үшін қауіп келуі мүмкін орындарды көктен барлап қайтты. Қазір Орталық, Солтүстік пен Шығыс Қазақстандағы кейбір орындар ерекше бақылауда. Өткен демалыс күндері өзге өңірлерден қосымша жасақтар жіберілген.
Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Қар мен судың қорын әуеден қарап, Ақмола облысында жағдайдың тұрақты екеніне көз жеткіздік. Жиналған мәліметтер бойынша қанша су келетінін, оған қатысты жасайтын әрекеттерімізді бір пысықтап алдық. Солтүстік Қазақстанға қажеттілік туындаса, тағы да құтқарушылар жіберуіміз мүмкін.