Елбасы ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
Кездесуде Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына дайындық барысы туралы баяндады. Елбасы алдағы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 25 жылдығын мерекелеуге уақытылы дайындық жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:
- Келесі жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Ассамблеяның мерейтойын орталықта да, барлық өңірде де жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі саналады. Бұл жоспарланған іс-шараға арқау болуға тиіс.
Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі:
- Аса мәртебелі Елбасы, Ассамблеяның осы сессиясына байланысты барлық дайындық жұмыстары қызу жүруде. XXVII сессия 29 сәуірде өтеді. Сессия кеңесінің жұмысы 26 сәуірде өтеді. Барлық ұйымдастыру шараларын бірге ақылдасып, Президент әкімшілігімен, Елбасы канцеляриясымен барлығын жасап отырмыз. Барлық дайындық жұмыстары аяқталды және келетін делегаттардың барлығы облыстар бойынша айқындалып, бекіттік.