Хабар телеарнасы

Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президентін қабылдады

Сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің отырысында жүктелген міндеттердің орындалу барысы баяндалды. Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат берілді. Дархан Қыдырәлі Елбасына түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше оқулықты таныстырды.