Ыстық сумен жасалған клизмадан күйіп қалған сәбидің жағдайы бірқалыпты
10 айлық Нұрислам Төлебергенов 3 сәуір күні кешке санитарлық авиациямен шұғыл түрде Шымкенттен Алматыға жеткізілген. Шымкентте жедел респираторлы жұқпалы инфекциядан емделген балаға дәрігерлер тік ішегін жуған. Процедура кезінде су ыстық болып, баланың тікішегінің шырышты қабаты күйіп қалған. Алматылық дәрігерлер тексеру жүргізіп, ІІ, ІІІ дәрежелі тері күйігін анықтаған.
Константин Хаиров, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары:
- Сәбидің талдама көрсеткіштері бірқалыпты. Қызуы жоқ. Тамақ ішеді, үлкен дәреті де дұрыс жүреді. Аурханада 10 күн, немесе 2 аптадай ем алады. Анасы қасында. Бүгін мазасызданған жоқ.