Қазақстан Словакияның ЕҚЫҰ төрағалығын қолдайды
Дариға Назарбаева халықаралық ұйымға төрағалығын бастаған Словакияны құттықтап, Қазақстан күрделі халықаралық жағдайда жүзеге асып жатқан словак миссиясының басымдықтарын қолдайтынын атап өтті.
Кездесу барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бітімгерлік әлеуетін нығайтуға баса назар аударылды. Мирослав Лайчак мырза ұйымның қарулы қақтығыстар аймақтарындағы шиеленісті азайтып, келіссөздер үдерістерін дамытуға баса назар аударатынын айтты.
Ал еліміздің Жоғары палата спикері Ауғанстандағы ахуалдың өрістеуіне байланысты алаңдаушылығын білдіріп, Орталық Азияның осы өңірін назардан тыс қалдырмауға шақырды.