ШҚО-да су тасу қаупі бар аумақтар бақылауда
«Шығыс Қазақстан облысында су тасу қаупі бар аумақтар бақылауда», – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандары.
Бесқарағай ауданындағы Кривинка ауылынан 6-7 шақырым жердегі Ертіс өзенінде мұз кептеліп, жағалауға су жайылған. Қазір ондағы орта мектеп ғимаратында жедел штаб жұмыс істейді. Жетіжар ауылдық округі бойынша 6 жерде тәуліктік бақылау орнатылған. Тұрғындарға төтенше жағдайға дайын болу туралы нұсқаулар берілді. Қазір Кривинка ауылында 11 техника мен 34 адам су тасқынының алдын алып, 128 үйді құтқаруға күш салып жатыр.