Хабар телеарнасы

Биыл ШҚО-да 2 мыңнан астам ерікті «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты. Өңір жаңалықтары

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал шаһардың Сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жер қатынастары бөлімінің басшылары 5 және 6 жылға сотталды. Үшеуі де өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Оларға жер телімдерін заңсыз берді және қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Биыл ел шығысында «Таза Қазақстан» акциясына 2 мыңнан астам ерікті атсалысты. Сәуір айынан бері 1500 демалыс алаңы мен әлеуметтік нысан аумағы қоқыстан тазартылып, 110 түп көшет отырғызылған. Сондай-ақ 7 мыңнан аса су қоймасының жағалауы жинастырылды. Бұдан былай «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар облыс орталығындағы экологиялық жобаларға атсалысады.

Бүгін Таразда қала әкімінің шыршасы өтті. Оған 67 мектептің озат оқушылары мен олимпиада жеңімпаздары және көпбалалы, әлеуметтік осал топтағы отбасынан шыққан оқушылар шақырту алған. Жаңа жыл кешінде шыршаның шамы салтанатты түрде жағылып, балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.