ҚКХП кезектен тыс Президент сайлауына қатысады
Партияның кеңейтілген саяси бюросының отырысында осындай шешім қабылданды. Айта кетейік, саяси ұйым Президент және Парламент сайлауына үзбей тұрақты түрде қатысып келеді. Бүгінде оның 107 мың мүшесі бар.
Айқын Қоңыров, Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы:
- Біз Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдаймыз. Біздің саяси ұйым сайлауға қатысуға дайын. Партияның съезінде өңірлік ұйымдарымыз өзінің кандидаттарын ұсынады. Әдетте ол тізім 3-4 адамнан тұрады. Кейін съезде Президент сайлауына қатысатын бір үміткер таңдалып, тиісті шешім қабылданады.