АҚШ-тағы сайлау доллардың бағамына әсер етті
Америка Құрама Штаттарында өткен президент сайлауы - доллардың басқа елдердің ұлттық валюталарына шаққандағы бағамына әсер етті. Оның ішінде біздің теңге де бар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Бас банк таратқан баспасөз парағында доллар бағамын көрсететін DXY индексі 5% дейін нығайған. Сондай-ақ осы 11 қарашаға дейінгі жағдай бойынша мұнай бағасының болжамдары да өзгерген. Қара алтын бағасы қалыпты түрде төмендеп, барреліне 74-75 доллардан, ал 71,83 долларға дейін төмендеген. Ұлттық банк өкілі мәлімдегендей, сыртқы нарықтағы себептердің сыртында іштегі спекулятивтік мәмілелердің көбеюі айырбас бағамына ықпал етуі мүмкін.