Nur Otan партиясы өз кандидатын 23 сәуірде ұсынады
Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген тапсырмаларды орындаудың нақты жолдарын талқылау үшін жеке жиналды. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жетекші партия алдағы саяси науқанда ерекше белсенділік танытады.
Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
- Елдегі көшбасшы саяси партия ретінде Nur Otan сайлауға белсенді қатысатын болады. Партия Төрағасының тапсырмасымен партия алдағы сайлауға өз кандидатурасын ұсынады. Партия төрағасы 23 сәуір күні партияның кезектен тыс съезін өткізу туралы қаулыға қол қойды. Сол күні партия атынан сайлауға қатысатын кандидаттың есімі белгілі болады.