Жұмысшыларына 140 млн теңге берешек 9 компания анықталды
Енді мұндай кемшіліктерді шенеуніктер өндіріс орындарына барып тексеріп, заңбұзушылықтарды бірден прокуратураға жеткізбек. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу жолдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен үшжақты комиссия отырысында кеңінен талқыланды. Кәсіподақ мүшелері аутсорсинг мәселесін, сондай-ақ зиянды жағдайда еңбек етушілердің жалақысын көбейту, өндірістік жарақат сынды күрделі мәселелерді көтерді. Бұл сұрақтарды заң жүзінде шешу қажеттігін де жеткізді.
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Өндірістік жарақат көрсеткіші 10 жылдан бері өзгермей тұр. Яғни азаю динамикасы байқалмайды. Сондықтан осы мәселені қолға алып, бұл көрсеткішті 50% төмендету қажет. Мұның барлығы біздің қолымызда.