«Жас ғалым» жобасы аясында зерттеушілерді қолдауға 3 млрд теңге бөлінеді
Елордада өткен халықаралық ғылыми конференцияда саланың өзекті мәселелері талқыланып, қоғамдық сананы жаңғыртудағы тарихтың рөлі сөз болды. Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мен Мемлекет тарихы институты өткізген шараға 10 елден келген ғалымдар қатысты. Онда тың мәдени мұраларды зерттеу үшін арнайы топтар құру, жас ғалымдарды осы бағытта бейімдеу туралы айтылды. Ғалымдардың шетелдік басылымдарға жұмыстарын жариялау жолдарын жеңілдету де сөз болды. Елімізде 120 ғылым докторы мен 500-ден астам ғылым кандидаты бар.
Бүркіт Аяған, ҚР БҒМ ҒК мемлекеттік тарих институтының директоры:
- Шетелдік ғалымдар не үшін керек? Нақтылап айтсақ, біздің дисертанттар қорғайтын кезде оларға қарсылас, рецензент ретінде көмектеседі. Еңбектерін жазуға көмектеседі. Қазір диссертация қорғау үшін бұрынғыдай тек қана қазақстандық басылымдар жетіспейді. Түркия, Ресей, Украинада журналдар шығып жатыр. Бұлар сол ғалымдармен қарым-қатынаста болады.