Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

«Шереметьево әуежайында жолаушылар ұшағының өртенуі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Ресей халқына көңіл айтамын», – деді Елбасы. Жеделхатта: «Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген.