Сирияға кеткен қазақстандықтарды елге қайтаруға арналған «Жусан-2» операциясы туралы брифинг өтті
Олардың Отанға оралуына тыйым салу керек пе? Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы қоғамды осы сұрақтар мазалайтынын жеткізді. Бақытбек Рахымбердиевтің айтуынша, қайтып келген адамдарға тағы бір мүмкіндік беру керек. Әрине, кінәлілер жазаланады. Ал айыбы жоқтар оңалту орталықтарына орналастырылады. Қазіргі кезде Сирияда 300-ге тарта Қазақстан азаматы бар екендігі анықталды. Оның жартысы – балалар. Белгілі болғандай елге жеткізілген 16 ер адам мен 4 әйел «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымымен байланыста болды деген күдікпен тұтқынға алынды.
Бақытбек Рахымбердиев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы:
- Олар қылмыстық істерін тергеу орындары бойынша Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларына берілді. Қалған 55 әйел баласымен бірге Ақтау қаласы маңындағы арнайы оңалту орталығына бір ай мерзімге орналастырылды. Медициналық тексерістер өткізіліп, карантин белгіленді. Қосымша олармен психологтар, ҮЕҰ өкілдері жұмыс жүргізуде.