Қоғамдық тәртіпті сақтауға 29 мың полиция қызметкері жұмылдырылған
Айта кетейік, заң бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері сайлау учаскелеріне тек төрағаның шақыртуымен ғана кіруі тиіс. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша жалпы сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты. Тек бір-екі факті бойынша ғана тексеріс жүргізіліп жатыр.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
- Біз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық шараны қолға алып жатырмыз. Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті дөрекі бұзу дерегі тіркелген жоқ. Сайлау жоспарлы түрде өтуде. Халық өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне келіп жатыр.