Ұлытауда халықаралық ауыл жастарының форумы өтуде
Ардақ Асылханұлы, тілші:
- Қарағанды облысының әр ауылынан келген 10 азамат 10 млн теңге қайтарымсыз қаржы алды. Аймақ басшысының белсенді жастар үшін тағайындаған арнайы гранты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалмақ. Енді бұл қаржыға жастар автокөлік жөндеу шеберханасы, наубайхана, асхана, жылыжай секілді көптеген нысанды іске қоспақ.
Сая Олжатай, жас кәсіпкер:
- 1 млн теңгені ауылда 50 адамдық асхана салуға жұмсаймын. Өзімде наубайхана бар, соған қоса асхана ашқым келеді. Қондырғылар, құрал-жабдықтар аламын.
Форумның алғашқы күні 6 мемлекеттің делегаттары пікірталас алаңына жиналып, ауыл жастарының ең өзекті деген мәселелерін талқылады. Басты мәселе – қырдағы қыз-жігіттердің сапалы білім алып, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. «Қазір ауыл арасында талантты жастар өте көп, тек солардың қабілетін дұрыс пайдалану керек», – дейді жиынға қатысқандар.
Айта кетейік, форум үш күнге жалғасады. Қонақтар биіктігі 1300 метр болатын Әулие тауына шығып, достықтың нышаны ретінде ту тігеді.
Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин