Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында жылу желілері ауыстырылды

Қарағанды облысында жылу желілерін жаңғырту бойынша 14 жоба жүзеге асты. Балқаш, Саран, Теміртау, Қарағанды қалаларында жылу құбырлары ауыстырылған. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен 31 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл жобалардың жүзеге асыумен энергия шығыны азайтып, тұрғын үй аумақтарын қажетті жылумен қамтамассыз ету мәселелері шешімін тапты.

Қарағанды облысындағы жылу орталықтарына қосылған негізгі құбырлардың жалпы ұзындығы – 1125 шақырым. Оның басым бөлігі тозып тұр. Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау қалаларында ескі жылу құбырларын ауыстырудың арқасында энергия шығыны айтарлықтай азайған. Биыл бұл қалаларда жалпы ұзындығы 17 шақырым желі жаңартылды.

Қарағанды қаласының өзінде жылу құбырларының 60 пайыздан астамы тозған, - дейді энергетика және газдандыру бөлімінің басшысы Адай Қуаныш.

Адай Қуаныш, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Тозу 66,4 пайыз жылдың басындағы есеппен. Осы ТЭЦ тартылған  үшінші жылу желіліернің қорытындысы бойынша біздегі Қарағанды қаласы бойынша тозуды 2-3 пайызға азайтады. Және де тұрғын үйлерді үздіксіз жылумен қамту сұрағын шешеді.

Өңірде жылу магистралін жаңарту бойынша ең үлкен жоба Қарағандыда жүзеге асырылды. №3 ЖЭО-нан қаланың оңтүстік-шығыс аумағына тартылған негізгі  жылу торабының ұзындығы – 7 шақырым. Оның бойында 4 сорғы станциясы бар. Жаңа магистраль қаланың осы аумағындағы жаңадан салынған бір миллион шаршы метр тұрғын үйді, яғни 20 мың пәтерді жылытады. Жалпы кеншілер қаласында үш жылу магистралі жаңартылған. 

Жанболат Тоқмурзин, Қарағанды қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Бұл жылу магистарльдарын жаңартудың арақасында қала халқын тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етеміз. Энергия шығыны айтарлықтай азайды. Қыс мезгілінде бұрын ақаулар жиі болатын. Жылу беру маусымына кедергі келтіретін. Қазір ол мәселе шешімін тапты.

Облыс бойынша биыл жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстарына 31 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Оған барлығы 14 жоба жүзеге асты.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар