Алматыда 3 адамды қаққан күдіктінің бірі кінәсін мойындады
Түнде қолға түскен азамат 1995 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Ол ақ көліктің рөлінде болған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылар мінген машиналар арнайы автотұраққа қойылып, тиісті сараптамалар жасалуда. Адам қаққан күдіктілердің бұл әрекеті «Бұзақылық» бабымен емес, енді «Кісі өлтіруге оқталу» бабымен қаралып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал қара көліктегі азамат әлі іздестірілуде.
Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Ол полиция қызметкерлерінен қасақана тығылып жүр. Бірақ қаланың төңірегінен шығып кетуге мүмкіндігі болған жоқ. Дегенмен ол кісі міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Бұл тек уақыттың еншісінде.