Түркістанда қызын зорлап өлтірген қылмыскерге қатаң үкім шығарылды
Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 41 жастағы қылмыскерге осындай үкім шығарды. Жан түршігерлік оқиға өткен жылдың күзінде Ордабасы ауданының Боржар округіндегі жазғы жайлауда болған. Күдікті фермердің малын бағып, әйелі және үш жасар қызымен бірге сол жердегі шағын үйде тұрған. Әйелі қонаққа кетіп, 6 қазанға қараған түні қылмыскер кішкентай қызы екеуі үйінде қалған. Жалғыз өзі 1,5 литр спиртті ішіп тауысқан соң, кішкентай қызына қорлық көрсеткен. Сот тергеуінде анықталғандай қатыгез әке алдымен қызын зорлап, артынан 38 рет пышақ салып, өлтірген. Сотта ер адам Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Дәурен Мадалиев, Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының төрешісі:
- Аталған тұлға 99-баптың 2-бөлігіндегі 3, 5, 14-тармақтармен және 120-121-баптардың 4-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Сот тергеуінде анықталғандай жәбірленуші 3,5 жасар қызды 38 рет жарақаттаған. Өлтірердің алдында осындай әрекеттер жасаған. Соның бәрін таразыға салып, сот аталған тұлғаны өмір бойы бас бостандығынан айыруды жөн деп тапты.