Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға 58 млрд теңге бөлінеді
Бұл мақсатқа Мемлекет басшысы Үкіметке алдағы үш жылда 58 млрд теңге қаражат бөлуді тапсырды. «Бұл ақша мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық және әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жұмсалады. Отбасы институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру, балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлыққа қарсы күресу біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болуы керек», – деді Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды оңалтуға арналған бағдарламаны әзірлеуіміз керек. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен де ерекше жұмыс жүргізген абзал. Тек ресми статистикаға сүйенсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі 80 мың бала бар. Үкімет сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмысына маңыз беруі тиіс. Шағын және орта оңалту орталықтарын кеңейту керек. Олар балалар үшін қолжетімді жерде болуы міндетті.