Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына барды
Наурызнама онкүндігі аясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығына барды.
Қазір аталған әлеуметтік мекемеге 200 бала мен психоневрологиялық ауытқуы бар 42 ересек адам тіркелген.
Сенат спикерінің сөзінше, елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша ерекше қажеттіліктері бар ересектер мен балалардың қоғамға бейімделуіне олардың сапалы білім мен медициналық қызмет алуына, спортпен шұғылданып, жұмыспен қамтамасыз етілуіне қажетті барлық жағдай жасалып жатыр.
Одан бөлек Парламент Сенатының жанынан мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында Инклюзия жөніндегі кеңес құрылды.