Хабар телеарнасы

Сенат Төрағасы алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Алматы қаласының жұртшылығымен кездесті.

Ғалымдармен болған басқосуда АЭС салуға қатысты референдум аясындағы мәселелер талқыланды. Әсіресе ғылымның мүмкіндіктерін арттыру және өндіріске инновацияларды кеңінен енгізу үшін тиімді жағдай жасаудың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ Қазақстанда көміртегі қалдықтарын азайту бағытындағы жұмысты одан әрі жандандыру қажеттігін сөз болды. Штаб мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен де кездесті. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Арнайы осы мәселені халық талқыласын, әртүрлі әлеуметтік топтар өз ойларын айтсын. Сөйтіп біз енді жан-жақты ойланған, пысықталған шешім қабылдайық деп Президентіміз осы мәселені арнайы қоғамдық талқылауға салғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Мінекей, бір жылдың ішінде көптеген дөңгелек үстелдер, жиындар өтіп, бұл елімізге не береді, мәселелер жан-жақты қаралды. Енді 6 қазанда елімізде үлкен референдум болайын деп жатыр. Сол жерде халқымыз нақты шешімді қабылдайды.