Мемлекет басшысы баспанамен қамту мәселесін шешуді тапсырды
Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Ал биыл жыл аяғына дейін 6 мың отбасы 2% ипотека алады. Бірінші кезекте көпбалалы және мүгедек бала асыраушы отбасылар қамтылады. Үкіметке бағдарламаға қатысудың айқын критерийлерін дайындау жүктелді. Алдағы 3 жылда кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін шешу тапсырылды. Олардың саны қазір 30 мыңға жуық. «Табысы жоқ азаматтарға жеке баспана сатып алу үшін әлеуметтік жалға алу шарты бойынша мүмкіндік беру керек. Бұл мақсатқа 2022 жылға қарай 240 млрд теңге қарастырылған», – Қазақстан Республикасының Президенті.